«Қазақтар, қойыңдаршы, болды ғой»: Ұлты басқа блогер қазақтарға реніш білдірді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1672

Салим Айлазов есімді блогер жолда жанармайы бітіп қалып, оқыс жағдайға тап болған кезде, қазақтардың көрсеткен қонақжайлығына алғыс білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жолда жанармайым таусылып тұрып қалдым. Қазақтар өз көліктерінен жанармай алып менің көлігіме құйып берді. Ол ол ма, асханаға апарып күштеп тамақ ішкізді, номерімді алып, қонаққа шақырды. Мен бұл нәрсеге шыдай алмаймын, мені тамақтандыра беруді доғарыңдаршы, мен шаршадым»,- дейді ол зілсіз әзілмен. 

Блогер қайтар жолға шығар алдында қазақ жігіттері оның тіпті көлігін автокөлік жуатын орынға апарып тегін жуғызып бергенін айтады. 

«Бұл аз болғандай, Астанада тұратын тағы бір күрд достары бар екен, сонымен күштегендей таныстырып қойды. Қазір біз ажырамас досқа айналдық. Жалғыз келіп едім, қайтарда 55 дос таптым. Қазақтар, қойыңдаршы, болды ғой. Адамды күштеп қонаққа шақыруға бола ма екен? Қазақтар, бауырларым, бәріңе шын ризамын. Бірігіп қазақша контент жасаймыз. Мәдениетімізді, идеологиямызды бірге насихаттайық», - деп аяқтайды ол сөзін. 

Ол сондай-ақ, үндеу жазған видеоның астына «анам – Қазақстан, әкем - Күрдстан» деген жазба қалдырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...