Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
595

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды. Бұл жөнінде жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1–7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушысы заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады», – деп хабарлады адвокат.

Айта кетейік, қанды қылмыс 11 қаңтарда жасалған. Сол күні кешке Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы 11 жерінен пышақтап өлтірген.

Бұл факт бойынша адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы күдікті 13 қаңтарда Шымкенттен он шақырым жерден ұсталып, қамауға алынды.

Шоу-бизнес

Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуімен не се...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...