Антарктидада 66 жыл бұрын жоғалып кеткен британдық зерттеушінің сүйегі табылды. ДНҚ та...
“5-6 айлық”: Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
Фото: freepik
2149
Бішкекте шала туылған баланың денесі дәретханадан табылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
20 ақпанда, сағат 9.57-де полицияға Киевская көшесіндегі ғимараттардың бірінің дәретханасында шала туылған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келді. Нәрестенің бес-алты айлық екені айтылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары мәйітті тастап кеткен әйелдің жеке басын анықтады. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын екен. Әйел тергеу изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.