Көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамның үстінен көршісі арыз түсірген

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
2449

Өскемен қаласының тұрғыны көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға арыз түсіріп, айыппұл салдырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 102 арнасына бір азамат хабарласып, бірден үш арыз түсірген. Ведомство полиция қызметкерлері заңды осылай бұзғандарға жаппай айыппұл салу мақсаты жоқтығын хабарлайды.

Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ заңның бұзылғаны турасында дәлелдер (фото, видео) болуы керек, — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Қазақстанда тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті қоюға тыйым салынған. Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге). 

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...