50 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскери дайындықтан өткізу ұсынылды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
437

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов еліміздің әскери әлеуетін күшейту үшін жалпыға бірдей әскери міндетті қайта қалпына келтіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, бұл шара жұмылдыру резервін толықтыруға мүмкіндік береді.

“Бір жылдық әскери дайындық аясында сарбаздар жұмылдыру резервіне дайындалады. Сонымен қатар әскери-техникалық мектептерде 40 күндік оқыту жүргізіледі. Онда атқыш, гранатаатқыш, пулеметші секілді мамандықтар бойынша даярлық қарастырылған. Сондай-ақ дрондармен жұмыс істеуді үйрету де енгізілуі мүмкін”, — деді Ғани Артықов.

Ол бұдан бөлек, бір айлық әскери жиындар өткізу де жоспарланып отырғанын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...