«Мәдениет, архив және баспа ісі» салаларының міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті

Жаңалықтар
2425

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте «Мәдениет, архив және баспа ісі» салаларында 2021 жылы атқарған қызметі мен 2022 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы айтылды. Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында  ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы ең өзекті мәселелері ретінде қызметкерлердің әлеуметтік қамтылуын жақсартуға, «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемеақылар әзірлеуге уәде берді. Сондай-ақ министрдің айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшері мәселесін өз бақылауына алатынын айтты.

Кезекті кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан спикерлерде мәдениет және спортқа қатысты негізгі өзекті мәселелерге тоқталды. Бұл ретте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы шығармашылық университеттерге қатысты проблемалық бағыттарға тоқталды. Білім беру саласындағы заңдардың кейбір нормалары мен шығармашылық жоғары оқу орнындағы ерекшеліктердің сәйкессіздіктің салдарынан талапкерлерді қабылдаудың сапасының төмендеуіне, шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызыметкерлердің республикалық «үздік оқытушы» және «үздік зерттеуші» байқауларына қатысуға теңгерімсіздік жағдайға тап болып, скрикашы, композитор, актер, балет әртістері, әншіл, қолданбалы суретшілерден және басқа шығармашылық кәсіпөкілдерінен ғылыми дәреже мен импакт-факторы жоғары мақаланы талап етуді қисынсыз деп атап өтті. Сонымен қатар материалдық техникалық базаның жеткіліксіздігі, музыкалық аспаптардың физикалық тұрғыдан ескергендігі, шығармашылық шеберханаларға, оқу театрларына, студенттік оркестр мен хорларға арналған костюмдік жабдықтардың жетіспеушілігін шешуді ұсынды. Студенттерді түрлі деңгейде байқауға жіберу, гастрольдік сапарларды қаржыландыру, кітапхана қорын толықтыру және оқу әдістемелік әдебиеттер сатып алу, оқытушылардың жалақысы төмен екенін атап өтті.

«Мәдениет, архив және баспа ісі» салалары бойынша облыс орталықтарында кітап дүкенін ашқандарға ғимарат жалдау жеңілдіктерін беруді ұсынды Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов.

Ал әдебиеттің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Ақберен Елгезек қазақ тіліндегі кітап басып шығару және тарату ісіндегі мәселелерге тоқталды. «Ешкімге құпия емес, қазір еліміздің барлық дүкендерінде қазақ тілінде жазылған кітаптар жетім бұрышта тұр. Бұл туралы талай айтылды, талай жазылды, бірақ нақты шешімін таппады. Оның себебі біреу-ақ – мәселе заң аясында көрсетіліп, шешілмеген. Осы тұрғыда Мәдениет министрлігі Баспа ісі және кітап саудасы туралы заңды қабылдауға бастама көтеруге ұсынысын білдірді. Сондай-ақ  Мәдениет туралы заңда көркем әдебиет туралы тарау жоқ екенідігін айтты. Сонымен қатар қазір «қоғамдық маңызы бар» деген атаумен жылда кітап шығып жатыр, олар ешкім қарамайтын кітапханаларға жіберіледі, нақты оқырманның қолына жетпейді. Бұл жағдайда отыз жылда шығарылып жатқан кітаптарды мектеп кітапханаларына жеткізіліп, Білім министрлігімен бірлесе отырып, бұл мәселені шешуді ұсынды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...