Қазақстанда 2025 жылдың маусым айында тұрғын үй нарығындағы сатып алу-сату мәмілелер саны 2,1%-ға аз...
Қайрат Нұртастың жұбайы сымбатты болу үшін не істейтінін айтты
әлеуметтік желіден
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында дене бітімін қалыпта ұстауға көмектесетін күнделікті әдеттері туралы айтып берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz
Оның сөзінше, ол арнайы диета ұстамайды және тұтынатын тағамының калориясын есептемейді. Дегенмен тамақтануда белгілі бір тәртіпті сақтауға тырысады.
«Мен ешқашан арнайы диета ұстап, калория санаған емеспін. Бірақ алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін. Артық тамақтанбаймын, тойып алып, ішім кеуіп кеткенше жемеймін. Аз-аздан тамақтанамын, өзім қалаған тағамды да шектемеймін. Сонымен қатар дәрумендерді тұрақты түрде қабылдаймын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Актриса өзін сергек ұстауда тамақтанумен қатар белсенді өмір салтының да маңызы зор екенін атап өтті. Айтуынша, тұрақты түрде спортпен айналыспаса да, жұмысына байланысты үнемі қозғалыста жүреді.
Сондай-ақ Әбдікәрімова уақытын алдын ала жоспарлағанды ұнататынын айтып, күн тәртібінің тығыз болуы оның қалыпты өмір салтына айналғанын жеткізді.