Қазақстанда стратегиялық маңызы бар жаңа теміржол желілері іске қосылады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
195

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президенттің айтуынша, аймақтағы елдердің шекара маңында құрылған сауда-логистика кешендері мен өнеркәсіп кооперациясы орталықтары экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік береді. 

Мемлекет басшысы бұл нысандарды өзара байланыстыру арқылы өңірде бірлескен өндіріс пен тауар айналымын дамытуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ елдер арасында инвестиция, энергетика, өнеркәсіп және өзге де стратегиялық салалар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті жағдай жасалғанын жеткізді.

– Қосылған құнның өңірлік тізбегін құру үшін жақын арада оларды бір-бірімен байланыстыру қажет. Жалпы, елдерімізде инвестиция, энергетика, өндіріс салалары мен басқа да стратегиялық бағыттарда өзара ықпалдастыққа жағдай жасалған, – деді Қазақстан Президенті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа теміржол желілерінің құрылысы мен халықаралық көлік дәліздерін дамыту елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық байланысты күшейтеді.

Президент Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға жақын екенін атап өтті. Сонымен қатар келесі жылы Бақты – Аягөз бағытын ашу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қытайды Каспий теңізі және Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталғанын да мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға басымдық беріп отыр. Президент соңғы жылдары Орта дәлізге сұраныс артқанын айтып, Ресеймен ынтымақтастық аясындағы Солтүстік – Оңтүстік бағытының да ел үшін маңызды екенін жеткізді.

– Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға таяу. Келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады. Бұл – өте маңызды, тіпті стратегиялық сипаты бар бағдарлар. Қытайды Каспий теңізімен және Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды. Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды түрде жаңғырту тұтас аймақтың транзиттік рөлін күшейте түсетініне сенімдімін. Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға баса мән беріледі. Соңғы жылдардың динамикасы Орта дәлізге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан Солтүстік – Оңтүстік бағыты да Қазақстан үшін өзекті, – деді Мемлекет басшысы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дубайда сотталған Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі жалпы құны шамамен 5,9 млн доллар немесе 2,67...

PESTEL

Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға дайындалу және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру ісі бойынша...