Непалдағы апаттан үш қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
429

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқыны болған аймақта үш Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін апат аймағында екі қазақстандық әйелдің болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Кейін іздестіру тізіміне тағы бір Қазақстан азаматы қосылған.

Қазақстандық дипломаттар Непал және Қытайдың тиісті мемлекеттік органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Азаматтарды іздестіру және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

Еске салайық, 26 тамызда Непалдың солтүстігіндегі Расува ауданында жойқын су тасқыны болған. Табиғи апат Қытайдың Тибет автономиялық аймағына шектес аумақтарға да әсер етті.

Бұған дейін БАҚ-та тасқын салдарынан ондаған адамның қаза тауып, жүздеген адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын. Із-түзсіз жоғалғандар арасында бірнеше елдің азаматтары бар.

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....