8 наурызға орай әйелдерге ақша беріледі: Кімдер қаншадан алады?

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
850

Халықаралық әйелдер күніне орай кей санатқа жататын әйелдер бір реттік төлем алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, 8 наурызда шамамен 37 000 азамат 2,5 АЕК (немесе 10 813 теңге) көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алады.

"Бұл төлем Астана мәслихатының және Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шешімі бойынша бекітілген әрі Астанада әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Төлем Әлеуметтік төлемдер орталығының ақпараты негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған аналарды қоса алғанда, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға төленеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...