Рамазан айы: Қара бетперде киген жігіт 30 отбасыға үй сыйлады

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1326

Бетперде киіп, қайырымдылық жасап жүрген жігіт мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бетперделі жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылман бауырларды Рамазан айымен құттықтады. Ол қайырымды жандардың арқасында қасиетті айда 30 отбасыға үй сыйланғанын айтты. Тіпті адамдардың үй алғанын естігенде жылап жіберген сәттері бар бейнероликпен бөлісті.

Желі қолданушылары пікір бөлімінде алғысын жаудырды.

Танымал жұлдыздардың өзі қайырымдылыққа атсалысқан жандарға рақмет айтты.

«Қасиетті айдағы дұғалар қабыл болсын», «Садақа бергендердің өзіне еселеп қайтсын», «Ниет қабыл болсын», «Құтты қоныс болсын» деп жазды желідегілер.

MADENI TV

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің Лос-Анджелестегі үйі өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal....

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ әкімшілігі Вашингтонның Иран иелігіндегі барлық мұнай қорларын тәркілеуге ниетті екенін мәлімдед...