Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің бастамасымен ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 30 Мәдениет жән...
София атты робот қала мэрлері форумының басты қонағы болмақ
София роботы 2-3 шілде күні Астанада өтетін Жібек жолының мэрлері форумындағы ең күткен қонағы болмақ. Осыған орай, Астана әкімдігінің ресми сайты гуманоид туралы қызықты мәліметтер дайындады.
Адамтектес София роботы әлемнің көптеген елдерінде болған. Ашық тұрған деректерге қарасақ, 2017 жылы ол Сауд Арабиясының азаматтығын алған тұңғыш робот.
Дэвид Хансон басқаратын Hanson Robotics компаниясы жер шарында алғаш рет «әйел-робот» жасап шығарды. Оны британдық актриса Одри Хепберн мен компанияны құрған басшының әйеліне ұқсатып жасап шығарған.
Адамтектес София роботы арнайы механизмнің көмегімен көзін ашып-жұмады, көңілсіз күйге енеді және қуана алады. Бет-әлпетке қатысты 62 түрлі мимиканы меңгерген. София сыртқы әлемді екі камерамен көреді, ал терісін органикалық компоненттерден құралған силиконнан жасалған.
Софияның миы – жасанды нейроталшықтан тұрады, тура біздің басымыздағы миға ұқсас, тек айырмашылығы электронды. Әзірлеушілер роботтың толық сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Ол ешуақытта ұйықтамайтын күтуші немесе ресепшнда отыратын қыз, темірдей жүйкесі бар мұғалім немесе контролер.
Софияның жасанды интеллектін дамытуға халықаралық командалар: америка, қытай, орыс тіпті эфиоптар да атсалысуда. Бұл роботтың ұлты жоқ және азаматтығы – жалпыадамзаттық әзірлеме.
«Менен әрдайым роботтар бір кездері әлемді басқаруы мүмкін бе деп жиі сұрайды. Адамдар мен роботтар болашақта бұдан да ақылды бола түсіп, бірге қатар жасасады деген ойдамын», – деп есептейді адамтектес София роботы.
Гонконгтық Hanson Robotics компаниясы әзірлеген София атты гуманоид, әлемдегі ең танымал робот Астанада 2-3 шілде күні өтетін «Global Silk Road» Жібек жолы елдерінің қала мэрлері форумында мінбеге шығады.