8 наурызға орай аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3304

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астанада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады, – деп хабарлайды madeniportal.kz.


«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен Астана қаласының Мәслихаты бекіткен Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», – деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімі негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...