Қазақстандықтар екі негізгі құжатты онлайн ауыстыра алады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2179

Қазақстанда мерзімі өткен жеке куәлік пен паспортты ауыстыру бойынша онлайн-қызметті жүргізу ұсынылды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ және ЦДИАӨМ "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру "мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны өткізу туралы" онлайн форматта құжаттау " бұйрығының жобасында айтылған. 

Құжат 19 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылау үшін жарияланды.  

"Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі, сондай-ақ жеке куәліктің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты халықты құжаттандыру қызметінің Электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалары арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортын, жеке куәліктерін онлайн форматта беруді бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшелігіне толықтыру бекітілсін", - делінген құжатта. 

Пилоттық жоба 2026 жылдың 31 наурызына дейін жұмыс істейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...