Елордада «Жастар жалыны-2021» шығармашылық байқауы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3063

Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар жалыны-2021» жастар шығармашылығының байқауы басталғанын хабарлады.

Оған КВИ-ға қарсы екпе алған 29 жастан аспаған қалалық жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Конкурс жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, сондай-ақ студенттердің эстетикалық және этикалық тәрбиесін жетілдіру мақсатында өткізіледі. 

Дәстүрлі байқауға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен 29 жасқа дейінгі елордалық ЖОО студенттері қатыса алады. Жарысқа қатысу студент оқитын ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеті арқылы жүзеге асырылады. 

Өтінімдер осы жылдың 11 қазанына дейін қабылданады. Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі, оның ішінде: эстрада; ұлттық би; заманауи би; музыкалық аспаптар; айтыс; поэзия; медиа; театр; сурет салу; жастар күші. 

Байқаудың салтанатты ашылуы 11 қазанда, ал жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау 16 қазанда гала-концертте өтеді. 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 702 118 29 35.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...