Павлодар тұрғыны 16 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды...
9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
9 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында, солтүстік-батысында 15 градус аяздан 18-23, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 10 желтоқсанда 22-27, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 4-9, облыстың шығысында 13-18 градус аяздан 18-23, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін, күндіз 4-9, облыстың шығысында 13 градус аяздан 15-20, облыстың шығысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 10 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың шығысында 30 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с күтіледі. 9 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 9 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. 9 желтоқсанда Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 9 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.