Дамаскіде мемлекеттік мекемелер мен жеке үйлер тоналып жатыр

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2427

Дамаскіде мемлекеттік мекемелер мен жеке үйлер тоналып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Жүздеген адам үкімет ғимараттарының дүние-мүлкін талан-таражға салды. Жиһаз, киім-кешек, тіпті ыдыс-аяқты да алып кетіп жатыр", - деп хабарлады БАҚ.

Елдің Орталық банкі де тоналған.

Жаппай тонауды тоқтату үшін оппозиция Дамаскіде сағат 16.00-ден 5.00-ге дейін коменданттық сағат енгізді.

Айта кетері, Сирия президенті Башар Асад қақтығысқа қатысушылармен келіссөз жүргізгеннен кейін билікті бейбіт жолмен тапсыруға шешім қабылдап, елден кеткені хабарланды.