“Сөйлеспегені үшін”: 22 жастағы жігіт бойжеткенді сұмдық жағдайда өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1213

Пәкістанда 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен 22 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қыздың TikTok-та миллионнан астам жазылушысы және Instagram-да 500 мыңға жуық жазылушысы болған. Қайғылы оқиға 3 маусым, дүйсенбіде Пәкістанның астанасы Исламабадтың G-13 секторында болды. Samaa TV-дің хабарлауынша, қыз оқ жарақатынан қайтыс болған. Ол екі рет атылып, сол жерде көз жұмды.

Кейбір дереккөздер, соның ішінде BBC және India Today, күдіктінің қамауға алынып, кісі өлтіргенін мойындаған 22 жастағы Омар Хаят (Umar Hayat) екенін хабарлайды. Полиция оның қызбен бірнеше рет байланысуға тырысқанын және кездесуге ұмтылғанын, бірақ қызыдң бас тартқанын айтады. Осыдан кейін ол қызды өлтіруге бекінген.

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...