Журналист Руслан Өтепбай «Елге көмек» қайырымдылық қоры жетекшілерінің тағы бір былығын...
Абай облысында жоғалып кеткен әйел батпақты жерде табылды
polisia.kz
Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен әйелді тауып, оны Абай облысында туыстарына аман-есен тапсырды. Іздеу жұмыстары шамамен 18 сағатқа созылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
17 маусым күні сағат 00:36-да «102» арнасына Курчатов қаласының 46 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесіп іздестіру жұмыстарын бастады. Іздеу барысында қала көшелері, аулалар, қаңырап бос тұрған ғимараттар және оларға іргелес аумақтар мұқият тексерілді.
17 сағат 46 минуттан кейін учаскелік полиция инспекторлары Ержан Исайнов пен Заңғар Асқарұлы әйелді қаладан шамамен 25 шақырым қашықтықта, өзен жағасынан тапты.
Әйел қалың шөп басқан, жетуі қиын батпақты жерде болған. Ол қатты қорқып қалған және өздігінен қозғала алмайтын жағдайда еді. Оған жету үшін полиция қызметкерлерінің бірі батпақ басқан аумақтан жалаңаяқ өтуге мәжбүр болды.