Жамбылда жас бала абайсызда досына оқ атып жіберді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1083

Жамбыл облыстық сотының мәліметіне сәйкес, жасөспірім бірнеше досымен бірге әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықпен бөтелкелерді атып жүрген. Құқықтық сараптама нәтижесінде, «Cometa 300» маркалы пневматикалық мылтық спорттық жаттығу үшін арналған және ату қаруына жатпайтыны анықталған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Кезекті ату кезінде ол бөтелкеге дәл тигізе алмаған. Сол сәтте жәбірленуші М. бөтелкені қайта қою үшін алға ұмтылған. Сол мезетте Т. байқамай атып, оқ жәбірленушінің жақ сүйегіне тиген», – делінген сот мәлімдемесінде. 

Сот отырысында Т. өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Жәбірленуші тарап ешқандай шағым білдірмей, шешімді соттың қарауына қалдырған. 

Адвокаттың жеңіл жаза тағайындау туралы өтінішін ескере отырып, сот Т.-ны ӘҚБтК 485-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, бұл – жасөспірімдерге салынуы мүмкін ең жоғарғы айыппұл көлемі, өйткені ӘҚБтК 66-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға 10 АЕК-тен артық айыппұл салуға болмайды. 

Іс барысында тәркіленген пневматикалық мылтық иесіне қайтарылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...