Туған анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
103

Түркістан облысының Түлкібас ауданында туған анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен 40 жас шамасындағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Отырар" телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға аудандағы ауылдардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам анасын өз үйінде пышақтаған. Әйел алған жарақатынан көз жұмған.

Бейресми деректерде күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны айтылады. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Түркістан облысының полиция департаменті оқиға болғанын растады.

Күдікті қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.