Каспийдің қызыл жағалауы. Түсініксіз құбылыстың себебі неде?

Фото: Видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2257

Каспий теңізінің жағалауына қызыл түске боялып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауының қызыл түске боялуына байланысты Маңғыстау облысының экология департаменті теңіз суының құрамын тексереді.  

Жергілікті тұрғындар Каспий теңізінің 1А ықшамауданы маңындағы жағалауы қызыл түске боялып кеткенін байқаған. 

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары әлеуметтік желіде таралған жыл сайын болатын Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына байланысты 12 ақпанда теңіз суынан сынама алған. 

- Оның аясында теңіз суының құрамына химиялық және мұнай өнімдерінің бар немесе жоқ екендігіне талдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады, делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...