Абайдың қара сөздері түрік тіліне тәржімаланды

Жаңалықтар
2015

Ұлы Абайдың қарасөздері түрік тіліне аударылды. Аталған кітап Қaзaқстaнның Түркиядaғы елшiлiгiнiң қолдaуымен жарық көрді. Аударма үстіміздегі жылы Ыстaмбұлдaғы «ANATOLIA» бaспaсында «Sözler» aтауымен жaрыққa шыққан. Түрік оқырманына жол тартқан Қара сөздерді тәржімалаған аудармашы - Ашур Өздемир. Бaсылымның редaкторы Дaмирa Ибрaгим. Кiтaптың мұқaбaсындaғы суреттi сaлғaн – Төлеген Сүлейменов, iшiндегi суреттi сaлғaн – Төлендi Исaғұл. Кiтaпқa Aбaйдың қырық бес қара сөзі мен «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» aтты зерттеу еңбегi енген.

Аудармашы - ғалым қазірге дейін қазақ әдебиетінің 15 кітабын аударған. Аудармашының өзі айтқандай қорында он мың кітабы болса, оның сегіз мыңы – қазақ тілінде. Осы орасан еңбектері үшін, мемлекеттік II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Жазушы, ғалым Ашур Өздемир:

- Түркияда қазақ әдебиетін танып-білетіндер қатары аз, өкінішке орай. Ал Абайды Түріктер ақын ретінда ғана таниды. Бұл кітапты аударудағы басты себеп те осы, Абайдың өлеңнен басқа философиялық еңбектерін тәржімалау. 

Айта кетейік Абайдың қарасөздері өзбек, индонезия, украин, латш, француз, чех тағы басқа әлем тілдеріне аударылған.


Жаңалықтар

Осыдан екі күн бұрын, 10 желтоқсан күні Алматыда зағип жігіт метроның астына құлап кетіп, мерт б...

Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық кеңестің отырысында 45 ауылды жою туралы шешім қабылданды, де...