Шерзат ісі: оқиға орнында мылтықты кім бергені анықталды

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1359

Талғарда болған оқиға кезінде мылтықты кім бергені белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бүгінгі сот отырысында сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынды. Оның сөзінше, оқиға болған күні мылтықты күдіктілердің бірі Нұрқияс Ілиясов берген. 

Бұған дейін сотта берген жауабында күдікті Нұрбол Тоқтаубаев мылтықты Нұрқанат Ғайыпбаев алып келіп, атқанын, одан мылтықты кімнің тартып алғанын көрмегенін айтқан. 

– Мылтық атылған кезде шошып кеттім де Шыңғыстың көлігінің артына барып тығылдым. Сол жерде туған ағам (Нұрбол Тоқтаубаев) жүрді. Атып тастамасын деп қолынан ұстап алдым. Ғайыпбаевтың екінші оқты оқтап жатқанын мен көрдім. Екінші оқты аспанға атты. Бірінші оқты ет сататын дүңгіршекке қарай атты. Менің артымнан өтті оқ. Мен оны сездім. Сол кезде балалар Шота Руставели көшесіне қарай жүгіріп кетті. Сол төбелес жаққа қарай бара жаттым. Аяғымның астынан телефон ілінді... Содан төрт метр жүргенімде алдымнан Нұрқияс Ілиясов шықты. Қолында қаруы бар. Сөйтіп қаруды маған ұстатты да, кеттік, кеттік деді, – деді Азамат Тоқтаубаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...