Үстіміздегі жылдың Наурыз айында құрылып, іс-шараларын бар қарқынымен бастап кеткен қоғам енді Қазақ...
Алматыда жауын салдарынан 13 көлік жер астына түсіп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден алынған
Алматыда қатты нөсер салдарынан Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде бірнеше көлік жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұған дейін осы көшеде мердігер ұйым – «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС инженерлік желілерді жүргізу жұмыстарын толық аяқтаған.
«Асфальт-бетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылған болатын. Себебі «QazaqGaz» АҚ тапсырысымен диаметрі 300 мм (болат) газ құбырын салу жоспарланған. Бұл шешім жолды қайта қазып, тұрғындарға қосымша қолайсыздық тудырмас үшін қабылданды. Жабындыны қалпына келтіру құбыр төсеу жұмыстары толық аяқталған соң жасалуы тиіс еді», – делінген әкімдік хабарламасында.
Алайда ауданның бүкіл жауын суы арықтар арқылы дәл осы көшеге жиналатындықтан, жол жабынына түсетін салмақ артқан. Бұған қоса, 6 метрге дейінгі тереңдікте жүргізілген инженерлік жұмыстар топырақтың беріктігін әлсіреткен.
«Осы жағдайлар мен қатты нөсердің әсерінен жолдың отыруы және жабындының бүлінуі орын алды. Соның салдарынан 16 қыркүйекте жол жабыны құлап, 13 автокөлік зақымданды», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Аманжол көшесі жабылды. 17 қыркүйекте көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және көшені толық тазалап, ballast төсеу жұмыстары басталмақ.
«Сонымен қатар мердігер ұйым зардап шеккен көлік иелеріне келген шығынды толық өтейді. Мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында», – деп атап өтті ведомство.