Абиба Әбужақынова 2025 жылды рейтингте бірінші орынмен аяқтады

Фото: sport.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
572

Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды, деп жазады 1bol.kz сайтына сілтеме жасаған MadeniPortal.kz.

Дзюдодан 2025 жылғы халықаралық маусым өз мәресіне жетті. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге қатыспағанымен, бұл жағдай Абиба Әбужақынова үшін маңызды көрсеткішке әсер еткен жоқ.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошының еншісінде 5096 рейтингтік ұпай бар. Осы нәтижемен ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысында маусымды аяқтады.

Өкінішке қарай, өзге қазақстандық дзюдошылар үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) жоғары көрсеткішке жақын болды – екеуі де әлемдік рейтингте 14-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биыл Абиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүл туралы жаңалық айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айт...