Атырауда кішкентай қызды ұрлап кетпек болған ер адамның кім екені анықталды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1515

Атырауда ер адам қыз баланы ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға Атырауда кешкі уақытта болған. Қыздың жасы 8-де болғаны белгілі болды. 

Нақтырақ, «Нұрсая Болашақ» шағын ауданында бейтаныс ер адам баланы алып кетуге тырысқан. Алайда өтіп бара жатқан тұрғындар араласып, полиция шақырған. Күдікті оқиға орнынан қашып үлгерді.

«1987 жылғы күдікті ұсталды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Куәгерлердің айтуынша, олар полицияны шамамен 30 минут күткен. Құқық қорғаушылар келмеген соң, олар қыздың анасымен бірге өздері құқық қорғау органдарына жүгінген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...