ForteBank қазақ тілін білу міндетті емес деп көрсеткен

Сурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3906
ForteBank бос жұмыс орнына түйіндіме жариялап, ол түйіндемеде қазақ тілін маңызды емес деп көрсетіп, көпшіліктің ашуын тудырған деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл жағдайға жазушы Ұларбек Дәлейұлы желіде өз пікірін білдірді.
"Есі бар ұлт осындайға көне ме?
Әрине, көнбейді!
Көнгеніңіз не, осы банктегі шоттарының бәрін жауып, қызметінен мүлде бас тартады.
Сөйтіп, тілін қорлаған, рухын мазақтаған келімсек тілді де, банкті де өз қоғамының алдында күйретеді", деп жазды жазушы.

Даулы мәселеге ForteBank жауап берді.

"Бұл тек компьютерлік тіл мен код талап етілетін IT мамандығы болған соң солай жазылды. Forte әрдайым қазақ тілі мен мәдениетін қолдайды және оның дамуына үлес қосуда", делінген жауапта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...