Жекешелендіру кезінде ауыл жұрты бір жетісіп қалғаны бар-тын. Бір-бір папкі қолтықтап, ауданға жинал...
ӘЧ: Қазақстан құрамасы кейінгі 7 жылдағы жақсы көрсеткішіне жетті
Қазақстан құрамасы Нью-Делиде өткен 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатында жақсы көрсеткішке жетті.
Vesti.kz-тің жазуынша,Қазақстанның бұрымды боксшылары бұл жарыста алты жүлде - екі күміс және төрт қола иеленді. Бұл 2016 жылы Астанада өткен ӘЧ-ден кейінгі ең жақсы көрсеткіш екен. Ол кезде құрама қоржынына төрт алтын және екі қола түскен.
Одан кейін көрсеткіштер қатты құлдырап кетті. Мәселен, 2018 жылы Үндістандағы әлем біріншілігінде еліміздің қоржынына тек бір күміс пен бір қола ғана түсті. 2019 жылы Улан-Удэде - екі қола, ал былтыр Ыстамбұлда - бір күміс пен төрт қола болған еді.
Еске салайық, биылғы ӘЧ-ге Қазақстан 12 салмақта боксшы апарды. Жүлделік есепте құрамамыз сегізінші болды. Ал көш басында ринг қожайындары - төрт алтын.
Мәдениет порталы