Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова әкімшілік жауапқа тартылды

Коллаж: SN.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
117

Ол продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты “жала жабу” бабымен кінәлі деп танылып, 1 миллион 557 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Stan.kz дерегінше, жәбірленуші ретінде танылған продюсер Баян Алагөзова видео моральдық тұрғыда ауыр тигенін айтты. Оның сөзінше, өзі туралы есірткіге тәуелді, мемлекеттен ақша алып, оны өз қажетіне жұмсайды деген және басқа да айыптаулар айтылған.

“Мені қорлады, кемсітті. Мұның бәрін тыңдап отыруға лайықты емеспін. Барлық порталдан көрдім. Осы себепті тіпті Tik-Tok парақшамды өшіріп тастадым. Тұлға, адам ретінде еңсеңді езіп жібереді. Есірткіге құмар, мемлекеттен ақша алып, жігіттерді жалдайды, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсайды деп айтқан. Көп қорлап, жала жапты. Мен әділ шешім шығарып, Лепесованы жазалауды сұраймын”, – деді Алагөзова.

Сотта Лепесова даулы контентке қатысы жоқ екенін айтып ақталуға тырысты. Лепесованың қорғаушысы сотта оның бұл бейнежазбаны өзі түсірмегенін және жәбірленушілерге қатысты мұндай пікірлер айтпағанын алға тартты.

Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желіде сынықшы әрі емші ретінде танылған. Алайда кейінгі уақытта оның тікелей эфирдегі мәлімдемелері көпшілік арасында дау тудырып жүр. Соңғы дауға тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты айтқан сөздері себеп болды.

Осыдан кейін Динара Сәтжан емшінің қызметі мен табысына қатысты бірқатар сұрақ көтерген. Ол “ақылы бата” үшін түскен қаржы қайда аударылатынын, емшінің салық төлейтін-төлемейтінін, адам емдеуге лицензиясы бар-жоғын анықтауды сұраған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранда өзін зорламақ болған ер адамнан қорғанғанын мәлімдеген 23 жастағы Мәрзие Ниери өлім жазасына...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан – жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған ел, бұл үлкенартықшылық. Сөз ауы...