Осыдан төрт жыл бұрын Ұлыстың Ұлы күнін жаңа үлгіде атап өту, соның ішінде қызғалдақ гүлін Наурыз ме...
Адамдарды діни құлшылыққа шақырып видео жариялаған блогер сынның астында қалды
Фото: sn.kz коллажы
Желіде өзінің намазсыз өмір сүре алмайтынын ацтып видео жариялаған блогер сынның астанда қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Әлеуметтік желіде танымал блогер Аягөз Аскарова халыққа ашық түрде діни үгіт жүргізіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Ол жариялаған видеоларында намазсыз өмір сүре алмайтынын айтып, адамдарды діни құлшылыққа шақырған.
Алайда блогердің сөздері көпшілік арасында наразылыққа себеп болды. Пікір қалдырғандар оның «Құранда жазылмаған нәрселерді қосып айтып жатыр» деп айыптап, дінді жеке пайдасына пайдаланып отыр деген ойларын ашық білдірді. Бір бөлігі «Намаз – әркімнің жеке таңдауы, оны жарияға жар салудың қажеті жоқ» десе, енді бір бөлігі «Біреуді ақылға шақыру үшін алдымен өзің дұрыс үлгі болуың керек» деп жазды.
Кей комментаторлар блогердің бұған дейінгі өмір салтын еске алып, «Кеше ғана ашық жүрген қыз енді халыққа дін үйретіп отыр» деп сынға алды. Тіпті, «Имамдар мұндайға неге жол береді?» деп сұрақ қойғандар да болды.
Ал блогердің жақтастары керісінше оның діни насихатын қолдап, «Алла жүрегіне салған» деп түсіндіріп бағуда.