Астана қаласында прокуратура мен әкімдік бірлесіп ұйымдастырған «Заң және тәртіп баланың көзім...
Балық аулауға кеткен: Ақмола облысында ер адамның денесі көлден табылды
Ашық дереккөз
121
Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оның денесі Никольское ауылы маңындағы Жарлыкөлден табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz .
13 қазанда ер адамның суға батып кеткені туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлге балық аулауға барған.
Іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайықты тапқан. Ал 14 қазан күні таңертең ер адамның денесі судан шығарылды.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Құтқарушылар балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырады.