Мемлекет басшысы Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатыс...
Әдебиет сыншысы, журналист Ғалым Доскен өмірден өтті
ашық дереккөзден алынған
971
Мәдениет және ақпарат министрлігі әдебиет сыншысы, журналист Ғалым Доскеннің қайтыс болғаны жайлы жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ғалым Төлембекұлы – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің, телерадио саласының дамуына, ұлттық журналистиканың қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға.
Ол «Ұлан» газетінің бас редакторы, «Қазақстан»телерадиокорпорациясының төрағасы қызметтерін атқарып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» секілді ұлт руханияты үшін аса маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Режиссер әрі сценарист ретінде «Киелі жерлер», «Жоғалған жарық хроникасы» сияқты деректі фильмдер арқылы қазақ халқының рухани қазынасын насихаттады.