63 адам бір мезетте жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1466

Йемен жағалауына жақын маңдаңындағы теңізде қайық апатынан 63 мигрант қаза тапқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Олардың көпшілігі — Эфиопия азаматтары, деп хабарлайды BBC БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігіне (IOM) сілтеме жасады.

Қайықта шамамен 150 адам болған. Олардан 10 адам құтқарылған. Ондаған адам іс-түссіз жоғалып кеткен.

Кеме жексенбі күні Йеменнің оңтүстігіндегі Абиан провинциясы маңында ауа райы қолайсыздығынан аударылған. Шукра және Зинджибар қалалары маңындағы жағалаудан 20-дан астам адам өлі табылған. Қайықта болғандардан 12 адам тірі қалған деп жазды агенттік.

Халықаралық көші-қон ұйымының дерегі бойынша, былтыр өзге елдерден Йеменге 60 мыңнан астам мигрант барған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектерінің неге көтерілгенін түсіндіріп,...

PESTEL

АҚШ пен Иранның өзара соққылары Ормуз бұғазындағы жағдайды ушықтырып, әлемдік мұнай нарығы мен өңірл...