Африкада Эбола вирусынан 80 адам қаза болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
575

Африкада Эбола вирусының жаңа өршуі тіркелді. Қазірдің өзінде шамамен 246 ықтимал жұқтыру жағдайы тіркеліп, 80 өлім дерегі анықталған. Тексерілген 20 сынаманың 13-інен Эбола вирусы табылған, деп хабарлайды MadenіPortal.kz.

Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығы инфекцияның таралу қаупі жоғары екенін мәлімдеді.

Бұған халықтың қарқынды көші-қоны, зардап шеккен аймақтардағы тұрақсыз жағдай, олардың Уганда мен Оңтүстік Суданға жақын орналасуы және инфекцияның алдын алу мен бақылауға қатысты қиындықтар себеп болып отыр.

Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы тіркелген. Індет Нзара және Ямбуку елді мекендерінде байқалған. Эбола өзенінің маңында орналасқандықтан, ауру осы өзеннің атымен аталған.

Вирустың табиғи тасымалдаушылары ретінде жемісқор жарқанаттар саналады. Адамға ол жануарлардың қаны, ағзалары немесе басқа биологиялық сұйықтық арқылы жұғуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...