Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан...
10 тамыз - Абай күні болып жарияланды
Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Ұлықбек Есдәулет: "Сүйінші: Абай күні мерекесі құтты болсын! Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы атынан Президент Қ.Тоқаевқа ұлы Абайдың туған күнін "Абай күні" деп атап, Ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсыныс берген едік. Талпынысымыз аяқсыз қалмады. Бүгін соған қолымыз жетіп отыр! Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілгені туралы қуанышты хабар жетті! Алда келе жатқан Абай күні құтты болсын! Бұл күн енді жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады",- деді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
№ 495
04.08.2020 жылғы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы
13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53,
343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Абай күні – 10 тамыз».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин