Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады

Фото: Видеодан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1550

Желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады, деп хабарлайды Madenıortal.kz  Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде жеке өмірі құпия болғанын, болашақта жұбайын ешкімге көрсеткісі келмейтіні туралы айтқан.

Жуырда YouTube желісінде әншінің ақ көйлекті арудың саусағына сақина тағып жатқан видеосы тарап, желі қолданушылары екіұдай күйде қалды. Бірі құттықтап жатса, енді бірі бұл жарнамалық видеоролик екенін айтты.

«Димаш балам, бақытың баянды болсын, жандарым!», «Димаш балам, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Ғұмыр жастарың ұзағынан болсын!», «Ол өзінің жеке өмірін ешқашан көпшілікке жария етпейді. Өте орынды», «Бұл жарнамалық видеоролик қой», «Олар жарнамаға түсіп жатыр», «Димаш үйленіп жатыр ма? Бақыттарың баянды болсын!», «Бұл шынымен болғанда Димаш үшін қуанар едік. Қыз бала өте әдемі екен», - деп жазды желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеттегі қысқа видеороликтер бүгінде балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын бос уақыт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...