Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында ел тәуелсіздігін...
Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты қай жолдар жабылды?
ашық дереккөз
Ұлттық «ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа райының нашарлауына және техникалық себептерге байланысты республикалық автожолдардағы қозғалысқа енгізілген өзгерістер туралы жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
2025 жылғы 28 желтоқсандағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жетісу облысында «Үшарал — Достық» автожолының 84–164 км аралығы (Көктұма кенті — Достық станциясы) автокөліктің барлық түрі үшін толық жабылды. Қозғалысты ашудың болжамды уақыты — 29 желтоқсан сағат 15:00.
Павлодар облысында көлік айрығының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана — Шідерті — Павлодар — Үспенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» айрығының бір бөлігі уақытша жабылды. Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс жабық.
Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық трассаларда жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектеулері енгізілді.
Ақмола облысы:
-
«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, 16–419 км (Астана — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 337–595 км (Қостанай облысының шекарасы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
-
«Жақсы — Есіл — Бузулук» автожолы, 0–82 км (Жақсы кенті — Бузулук кенті);
-
«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолы, 232–260 км (Қостанай облысының шекарасы — Сұрған кенті);
-
«Астана — Қорғалжын» автожолы, 19–124 км (Астана — Қорғалжын кенті).
Солтүстік Қазақстан облысы:
-
«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 595–624 км (Ақмола облысының шекарасы — Дружба ауылы);
-
«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, 834–856 км (Чистополье ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
-
«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 340–377 км (Арқалық — Ақмола облысының шекарасы);
-
«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолы, 218–232 км (Октябрьское ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Аталған учаскелерді ашудың болжамды уақыты — 28 желтоқсан сағат 09:00.
Шығыс Қазақстан облысы:
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Осинов асуында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу енгізілді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46–66 км аралығында (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) қолданылады және қысқы кезең аяқталғанға дейін күшінде болады.