Көлік министрі Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте такси жүргізушілерге талап күшейетінін айтты,...
Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды
Фото: gov.kz
73
Жамбыл облысында оқушыға күш қолданды деген күдікке ілінген мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Кейін мұғалім баланың анасынан кешірім сұрап, сол сәтте эмоцияға берілгенін және әрекетінің дұрыс болмағанын мойындаған. Ол оқушының отбасынан тағы да кешірім сұрады.
Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізді. Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.