"Ағасын өлтіріп, әпкелерін пышақтаған": Астаналық жігіттің қандай ойын ойнағаны белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
624

Астанада 21 жастағы жігіт отбасын өзіне сын айтқаны үшін кек алмақшы болған еді. Ол ағасы мен әпкелерін пышақтаған. Ағасы оқиға орнында мерт болды. Ал әпкелері ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 21 жастағы жігіт Standoff2 деген ойынды ойнаған екен.

“Ойыннан өрт шықты!
Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты ел білу керек. Астаналық 21 жасар жігіт өз отбасын қырып салды. Ойынның соңына түскен геймер түнгі 03:00 болғанын да білмеді:
— Телефонды қой! Осы ойынды ойнамашы, ұйықтайық деп ескертеді тәтесі.
Бұл ескерту, әлбетте, ойынқұмарға жақпай қалады. Бәрі ұйықтағанымен, ол ұйықтамады. Есіл-дертін жаулаған онлайн-ойынның көмегімен жымысқы пиғылын іске асырды. Бір үйде тұратын жақын туыстары ұйықтады-ау дегенде бәрін тамақтан орып, пышақтап тастады
Алдымен бауырын бас салады, оған 20 жерден пышақ салып үлгеріпті. Жақын бауыры сол жерде қайтыс болады, туыс қарындасы мен екі апасы қазір ауруханада. Жағдайлары ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғады.Әлеуметтік желіде жігіт Standoff2 ойынына баспен кіріп кеткен деседі”, - деп жазды журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қалалық ТЖД Медеу ауданында Жәнібеков көшесінде салынып жатқан үй өртенгенін мәлімдеді, деп х...

PESTEL

Korea JoongAng Daily басылымы, Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мін...