Қазақстанда ұлттық өнерді дәріптейтін Dombyra телеарнасы ашылады

ЖАҢАЛЫҚТАР
4994

25 ақпаннан бастап Қазақстанда жаңа Dombyra телеарнасы көрсетіле бастайды.

«Dombyra» телеарнасы - қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді. Бағдарламалар тәулік бойы қазақ тілінде жүргізіледі. Оның эфирінде отандық өнерпаздардың ән-күй, жырларды көрсетіледі. Аспаптарды үйрену мектебі, қолөнер шеберлері жайлы бағдарламалар түсіріледі», - деді Қанат Ержігітов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта. 

Оның айтуынша, телеарна жұмысы жеке қаржыландыру есебінен жүргізіледі. 

«Dombyra» телеарнасы Отау ТВ, «IDТV», YOUTUBE және әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Бұл арнаны ауылда да, қалада да тегін тамашалауға болады», - деді телеарна директоры. 

Еске сала кетсек, 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының 1 жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланған.

inform.kz    

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...