Брюссельде әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл шара Респ...
Ай сайын туысының қолынан 3 әйел көз жұмады: Әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Фото: freepik
Румынияда әйелдерді өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz- ке сілтеме жасап.
Енді Румыния заңнамасы әйелді қасақана өлтіруді гендерлік зорлық-зомбылықтың жеке түрі ретінде ресми түрде мойындайды.
Жаңа нормалар бойынша жаза 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына түрме жазасын қарастырады. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдердің балаларына тікелей зардап шеккендер мәртебесі беріліп, оларға жедел көмек көрсету құқығы қарастырылған.
Заң жобасы 2025 жылдың қазан айында парламентке енгізілді. Румыния сенаты оны ақпанда қабылдаса, депутаттар палатасы наурызда мақұлдады. Құжат кең қолдауға ие болды. Оған барлық саяси партиялардан 270-тен астам депутат қол қойған. 23 сәуірде Румыния президенті заңды қабылдау туралы жарлыққа қол қойды.
Түсіндірме жазбада жазаны күшейту қажеттілігі отбасылық қылмыстардың өсуімен байланысты екені айтылған. Мәселен, 2025 жылдың сегіз айында елде отбасы мүшелері жасаған 33 кісі өлтіру дерегі тіркелген, олардың 69%-ында құрбандар әйелдер мен қыздар болған. Орта есеппен Румынияда ай сайын туыстарының қолынан үш әйел қаза табады.