Қазақстандықтардың еңбек кітапшалары электронды форматқа ауысты

ЖАҢАЛЫҚТАР
4157

Қазақстандықтардың тағы бір құжаты электронды форматқа ауысты - енді еңбек өтілі туралы ақпаратты "электронды үкімет" сайты арқылы алуға болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған "Мәдениет порталы"

Басылымның хабарлауынша, азаматтардың eGov.kz сайтындағы жеке аккаунттарында жаңа бөлім - "еңбек қызметі" пайда болды. Қазақстандықтар өздері жасаған еңбек шарттарын онлайн режимде порталдағы жеке кабинетінде көре алады. Портал еңбек қызметі туралы қажетті ақпаратты "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру"автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алады. Өз кезегінде бұл жүйе еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен деректер алады.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді алудың жалғыз шарты - тіркеу, яғни "электрондық үкімет" сайтында жеке кабинеттің болуы болып табылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...