Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...
Жезқазғанда құрылыс саласы мен денсаулық сақтау мәселелері қаралды
Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың басшылары қатысты.
Құрылыс саласының биылғы жылға арналған жоспарлары туралы жиналғандарға Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Орынбаев баяндады. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін үй құрылысы қарқынын арттыру жоспарлануда. Мәселен, 2023-2024 жылдары облыстың үш өңірінде (Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы) 22 тұрғын үйдің (1351 пәтер, 96,2 мың шаршы метр) құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда. Құрылыс салушылар тұрғын үйді әртүрлі бағдарламалар арқылы жүзеге асыра алады. Орташа алғанда бір шаршы метрдің құны 280-320 мың теңгені құрайды. Б.Әбдіғалиұлы құрылыс барысында туындайтын барлық проблемалық мәселелерді пысықтауды тапсырды.
Медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ранова айтып берді. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің жалпы саны қазір 2906 адамды құрайды, оның ішінде дәрігерлер – 601 маман, орта медицина қызметкерлері – 2305. Бүгінгі таңда осы саладағы кадрлар тапшылығы 66 маманды құрайды. Қазіргі уақытта 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттен еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында 66 резидентті оқыту жоспарланған. Бұл ретте жас мамандарды көтермелеу шараларын ұлғайту және оларды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету негізгі мәселелер болып қала беретіні баяндалды.
Берік Әбдіғалиұлы облысымызда, сондай ақ ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін жас мамандарды тартудың пәрменді тетіктерін енгізуді тапсырды.