Аяғы тайып кеткен: Жезқазғанда кәріз құбырын тазалап жатқан жұмысшы опат болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
645

Жезқазғанда кәріз құбырын тазалау кезінде  жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшы ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 20 мамыр күні «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» қызметкерлерінің қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған.

Жұмыс кезінде қызметкердің бірі шұңқырға құлайды, көмектеспек болған екіншісі де ілесе  құлап кетеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...