Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалақысы артуы мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Бұл өзге...
Экс-депутат Маңғыстау облысы әкімінен балалы болғанын мәлімдеді (ВИДЕО)
коллаж: madeniportal.kz
Маңғыстау облысының әкімі жайлы жайсыз ақпарат желіні шулатты. Өңірдегі мәслихаттың экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ізіне адам салып, қорқытып жүргенін айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы kyn.kz жазды.
Депутат болған келіншек облыс әкімінен баласы барын ашық айтты. Әрі мәселеге ел президенті араласпаса өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады.
Әйел әкімге «баламыздың тегі болсын, араласып тұр, уәдеңді орында» деген екен.
Алайда әкім керісінше оны қорқытып, соңына адам салып қойды дейді.
Аталған жағдайға қатысты облыс әкімдігінен мән-жайды журналистер сұрап білген.
Алайда әкімдіктегілер бұл басшының жеке мәселесі екенін айтып, ресми жауап беруден бас тартты.
Бұған дейін Ынташ Наурызова осындай мәлімдемелер жасап, әкімнің алимент төлемейтінін айтқан еді.
Сол кезде Нұрдәулет Қилыбай бұл ақпаратты растамаған, жоққа да шығармаған.
Қазірге желіде облыс әкімінен қорлық көрудемін деген келіншек жайлы екінші тараптан ресми ақпарат жоқ. Біздің ұсынғанымыз ашық ақпарат көздерінде тараған, талқыға түскен жайт. Мұның шын өтірігі қазірге белгісіз.