Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлі күнге дейін Олимпиада медалі үшін пә...
Актер Дәурен Айдарқұлов көпшілікке әйелін таныстырды
Коллаж: sn.kz
Үшінші рет шаңырақ көтерген актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов су жаңа жарына не сыйлағанын көрсетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.
Өнер иесі жарының есімін де атады.
“Болашақ әйеліңе үйленуге ұсыныс жасау – ең жауапты іс. Ал жүректерді біріктіретін сақинаның әдемі болуы маңызды. Мен өзіне арнап жасаттым. Қазіргі әйеліме дәл осы бриллиант сақинаны сыйладым. Арнайы зергерлік студиясында соқтырдым. Гауһартастардан жасалған әшекейлер сән-салтанатқа айналатыны анық. Одан кейін көпшілік үшін де қолжетімді екен. Гауһартасты әшекей – әйелдің ең жақын досы. Айтпақшы, әйелімнің есімі – Жұлдыз”, – деп жазды актер.
Желі қолданушылары екі некесінен балалары бола тұра, үшінші рет шаңырақ көтерген актерді сынады.
“Әйел алудан шаршамайды екенсің”, “Әйел еркексіз өмір сүреді, бірақ еркек әйелсіз ешкім емес”, “Жұлдыз дегені Ақбота емес па?”, “Бірінші әйеліне де обал”, “Ақботаға қайтадан қосылса, дұрыс шешім болар еді”, “Әйеліңізбен бақытты болыңыз”, – деп жазды көпшілік.