2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәрт...
Аида Балаева Қастеев атындағы музей не үшін жабылғанын түсіндірді
Фото: Ақорда
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі жұмысын уақытша тоқтатты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекеттік өнер музейінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Министрдің сөзінше, елімізде мәдени нысандарды жаңғырту мен сақтау бағытында ауқымды мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып жатыр.
Оның айтуынша, жаңғырту шеңберінде шатырды ауыстыру, заманауи климаттық жүйелер орнату, паркет жабындысын қалпына келтіру және өзге де маңызды техникалық жетілдірулер көзделген.
Бұл шаралар келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасап, өнер туындыларын сақтаудың заманауи талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған, - деп жазды ведомство басшысы.
Осыған байланысты 5 тамыздан бастап музей уақытша жабылды.
Мұндай шешім ең алдымен ел қазынасына айналған құнды жәдігерлердің сақталуы мен құрылыс кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды. Барлық жұмыс аяқталған соң жаңарған музей қонақтарын жаңа заманға сай, шабыт сыйлайтын, өз коллекциясы мен мәртебесіне лайық жаңа кеңістікте қарсы алады деп сенеміз, - деп қосты министр.