Қазақстандық туынды Лондонда «Үздік анимациялық фильм» атанды

КИНО
4911

Ұлыбритания астанасы Лондонда осымен үшінші рет өткізілген ECG кинофестивалінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Еуразия елдерінің кино сайысында Ұлыбритания, Ресей, Беларусь, Қырым Республикасы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Франция, Португалия, Қытай және Түркия мемлекетінен жалпы жиыны 46 фильм көрсетілді. 

Лондонның қақ ортасындағы Premier Cinema кинотеатрында өткен марапттау рәсімінде Мақсұт Сәрсембаев пен Мансұр Сәрсембаевтың «Hacked Future» («Бүлінген болашақ») атты қазақстандық фильмі «Үздік сценарий» аталымын жеңіп алды. 

Ал Ділшат Рахматулиннің «Серый гусь «Despair» туындысы «Үздік анимациялық филмь» атанды. Тағы бір қазақстандық кинотуынды «Baluan Sholak» құрмет дипломымен марапатталды.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...