БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыс кезінде құтқарушы пышақталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2643

26 жастағы құтқарушы Қазталов ауданы Жалпақтал кентінің маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу кезінде пышақ жарақатын алған, madeniportal.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Жедел деректер бойынша, Қараөзен өзенінің жағасында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында 1998 жылы туған азаматтық қорғау қызметінің сержанты жараланды. Ол кеуде тұсына сұғылған екі пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомство.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы мас болған. Оған қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...